Тұрсынбек Қабатовтың қызын ҰБТ-ға дайындаған репетитор жігіт болған оқиғаға пікір білдірді
Тұрсынбек Қабатовтың қызын ҰБТ-ға дайындаған репетитор жігіт болған оқиғаға пікір білдірді
© stan.kz
Тұрсынбек Қабатовтың қызына қатысты ҰБТ дауы әлі де басылар емес. Түлектерді ұлттық тестілеуге дайындайтын орталықтың репетиторы телеарнаға сұқбат беріп, болған жайтқа пікір білдірді, – деп хабарлады 31 арна Телеарна ақпаратына сәйкес, Тұрсынбек Қабатовтың қызы дайындалған білім орталығына ҰБТ-дан шеттетілген өзге де үш түлектің ата-анасы іздеп келген. Тілшінің айтуынша, Қабатовпен жақсы араласамын деген орталықтың директорын Тұрсынбектің өзі танымайтын болып шығыпты. Шоуменнің сөзіне сенсек, ол бұл шу туралы заңгер Абзал Құспанның жазбасынан оқып-білген. Сондықтан, бұл іске енді ғана араласып отырмын, – дейді ол.
"Осы 140+1 мектебінде қызым оқитынын білемін. Сол жерден ЕНТ-ға кеткенін де білемін. Қызым ЕНТ-ға кірді. Қызым ЕНТ-ны тапсырды. Бірақ ішіндегі жаңағы болып жатқан былықты жасаған кім екенін мен білмеймін! Жалған құжатты жасаған жаңағы Нұрбек пе, кім екенін білмеймін мен", – деп мәлімдеді ол.
Ал оқушыларды ұлттық тестілеуге дайындаған Нұрбек Қанай болса, жалған құжат жасатып, шәкірттерінің жоғары нәтижесі арқылы өзінің де беделін көтеріп алуды көздеген көрінеді.
"Әдемі жоғары балл алса, ертең мен өзімнің авторитетімді көтеру үшін істедім. Просто процесс былай ғой: Әдемінің фотосына Сымбаттың фотосын қоямын, просто ауыстыра саламын. Қалған ештеңені өзгертпеймін", – дейді ол.
Ол сондай-ақ оқиғаның қалай болғанын да жасырмады.
"Оригиналдарымен кірді. Әдемі – Әдемі болып, Сымбат – Сымбат болып кірді. Тексерушілер көреді де: аа, жақсы деп кірді. Кіргеннен кейін логин, пароль береді ғой. Логин, пароль бергеннен кейін ауысып кетеді бір-бірімен. Сөйтіп ауысып кеткеннен кейін отырып, тапсырып жатқан кезде Сымбаттың орнына Әдемі отырып қойды ғой. Егер тексерушілер келіп жатса, тексеріп жататын болса клавиатураның астында удостоверение бар. Просто соны шығарып қойыңдар да, Әдемі Сымбат болып отыра бер деген мәселе ғой!", – деп ақталды математик.
Дегенмен ҰБТ басталған кезде 8 оқушы тестілеуден шығарылып, 102-ге шақырту түскен екен. Оқиға бойынша қылмыстық іс 13 маусымда тіркелген. Нұрбек Қанай қазіргі таңда кінәсін толық мойындап, барлық жауапкершілікті өз мойнына алып отыр. Бұған дейін Тұрсынбек Қабатов қызына қатысты іске тағы пікір білдірген болатын.