Тұрсынбек Қабатов қызына қатысты іске тағы пікір білдірді
Тұрсынбек Қабатов қызына қатысты іске тағы пікір білдірді
© kznews.kz
469
оқылды

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов Instagram-дағы парақшасында қызына қатысты басталған дау төңірегінде тағы пікір білдірді.

«Қадірлі достар, осы апта біздің отбасымыз үшін оңай болған жоқ. Ең қиыны – жаныңды ауыртатын жалаға қалуың екен. Адамның алдында да, Алланың алдында да арым таза! Алдағы уақытта құқық қорғау органдары дүйім жұртқа ақ-қарасын ашып айтады деп ойлаймын. Осындай жүрек-жүйкеңе салмақ түскен кездерде маған сеніп, қолдау білдірген аға-бауыр, әпке-қарындастарыма және оқырмандарыма алғыс айтамын! Қасиетті жұма мүбәрак болсын!!!» – деп жазды ол.

Бұған дейін әзілкеш қызының орнына басқа адамның кіргенін мойындаған болатын.