Қазақстанда оқитын ауған студенттері енді елге қашан кіре алады?
Қазақстанда оқитын ауған студенттері енді елге қашан кіре алады?
© rbc.ru
106
оқылды
Осыған дейін Қазақстанда білім алып келген ауған студенттері елге енді жағдай толық тұрақтаған кезде ғана кіре алады. Мұны Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров айтты, – деп жазады 24.kz. Қазақстанда оқыған біраз студент жазғы демалыста елііне кеткен екен. Солар Қазақстанға қайтып келіп, оқуларын жалғастырғысы келетінін айтыпты. Бірақ Қазақстан билігі мәселе реттелмейінше оларды елге кіргізбейміз деп кесіп айтқан. Екі арада әуе немесе көлік қатынасы қайта жанданған кезде сондағы елшілік ауған студенттеріне виза беру мәселесін қарастырмақ.