Олимпиаданың тағы екі жүлдегері сыйақысын қайырымдылыққа жұмсамақ
Олимпиаданың тағы екі жүлдегері сыйақысын қайырымдылыққа жұмсамақ
Фото: Vesti.kz
110
оқылды
Қазақстандық ауыр атлеттер Зульфия Чиншанло мен Игорь Сон мемлекеттен берілген сыйақысын қайырымдылыққа аударады. Бұл туралы Ауыр атлетика федерациясы мәлім етті. Екі спортшыға Toyota Camry 75 автокөлігі берілсе, олардың жеке бапкерлеріне федерация президенті Жанат Түсіпбековтің атынан ақшалай сыйақы табысталды. Спортшылар жанкүйерлерге алғыс айта отырып, мемлекеттен берілген сыйақыны (75 мың доллар) мұқтаж жандарға табыстайтынын айтты.
"Баршаңызға, федерацияға, Жанат Рашидовичке, ҰОК, мемлекетімізге қолдау көрсеткені және құттықтағаны үшін алғыс айтқым келеді. Жарыс алаңына шыққанда өзіңді қалай жеңуге болатынын, барынша жақсы өнер көрсету туралы ғана ойлайсың. Сол сәтте марапаттар туралы ойламайсыз. Сондықтан, біз қайтып келгенде, бізді осылай құрметтейтініне екі есе қуаныштымын! Олимпиадалық құрамадағы ағаларымыз өз жүлделерін қайырымдылыққа беріп, жақсы үлгі көрсетті. Бізді - Олимпиада жүлдегерлерін мемлекет, федерация, өңір жақсы қолдайды. Бұл - керемет! Бірақ, біз бұл қаражатқа ерекше мұқтаж адамдар бар екенін ұмытпауымыз керек. Сондықтан мен де Ауыр атлетика федерациясының қолдауымен өз жүлделерімді игі мақсаттарға жұмсаймын", - деді Чиншанло.
Игорь Сон да сыйақысын Алматы облысында мұқтаж жандарды қолдау үшін жұмсайтынын айтты.