Алматыда 4 букмекерлік кеңсе жабылып, 700 млн. теңге тәркіленді
Алматыда 4 букмекерлік кеңсе жабылып, 700 млн. теңге тәркіленді
Фото: pixabay.com
152
оқылды
Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласындағы аумақтық департаменті PariMatch, ВК Triumph, «Фаворит» және PROFITBetting букмекерлік кеңселерін жапты, деп жазады Inform.kz. Агенттіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған мекемелердің басшылары заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін айыпты деп танылды.
«Тергеу букмекерлік кеңселердің басшылары заңды бизнеспен бүркемелеу арқылы өз мекемелерінде онлайн казино ұйымдастырғанын дәлелдеді. Сот үкімімен PariMatch, BK Triumph кеңселерінің басшылары заңсыз бизнестен тапқан табысына қарай тиісінше 500 және 200 АЕК көлемінде айыппұл арқалады. Ал «Фаворит» және PROFITBetting букмекерлік кеңселерінің басшылары заңсыз істен аса ірі мөлшерде табыс тапқандықтан, 4 жылға бас бостандығынан айырылды», - деп жазылған құзырлы органның ресми мәліметінде.
Аталған 4 кеңсенің иелерінен тәркіленген мүліктің жалпы сомасы 700 миллионнан астам теңге болған.