Шымкентте банан гүлдеп, жеміс беріп жатыр
Шымкентте банан гүлдеп, жеміс беріп жатыр
Фото: akimat_shymkent
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, білім ордасында 2019 жылы үш пирамидалы FLORA&FAUNA жаратылыстану пәндері зертханасы ашылып, қыркүйек айында балалар 2 дана банан өсімдігін отырғызған. Оқушылар мен жаратылыстану бағытындағы мұғалімдердің банан өсімдігін бейімдеу және өсіріп-баптау бойынша жүргізген ғылыми жобалары бүгінде жемісін берді. Бұдан бөлек, ғылыми жұмыс барысында 10 түрлі цитрустық өсімдік егілген. Қазір лимоннан 60 түп көшет салып тұр. Банан – 7 түп, мандарин – 8 түп, анар – 9, киви – 4, ананас – 4, құрма – 15, бадам  80 түп отырғызылған.    width= width=