Токио Паралимпиадасы: Қазақстан құрамасында кімдер бар?
24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Токиода XVI жазғы Паралимпиада ойындары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бүгін ҚР Ұлттық Паралимпиада құрамасы Токиоға аттанды.
Қазақстанның Паралимпиадағы құрамы:
Пара жүзу: Сиязбек Далиев, Нұрәли Советқанов, Зульфия Габидулина, Роман Агалаков, Алия Рахымбекова, Нұрдаулет Жұмағали, Ержан Сәлімгереев.
Пара жеңіл атлетика: Дастан Мұқашбеков, Салтанат Әбілқасымқызы.
Пара дзюдо: Аманжол Жанбота, Зарина Байбатина, Дәулет Теміржан, Даяна Федосова, Ануар Сариев, Ғалымжан Смағұлұлы.
Пара каноэ: Спатай Бибарыс
Пара таеквондо: Нұрлан Домбаев, Нышан Өмірәлі, Кәмиля Досмалова.
Пара пауэрлифтинг: Давид Дегтерев, Раушан Қойшыбаева, Рахмеджан Хамаев, Гүлбану Абдыхалыкова, Алина Солодухина.
Пара нысана ату: Айсұлу Жұмабаева.