Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен қолға алынған «Халыққа көмек» жобасы «Nur Otan» партиясы мен еліміздегі барлық қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысын жандандырды. Жоба партияның 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: 10 жылдықтың 10 мақсаты» атты жаңа бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі бағыттарының бірі. Жаңа бастаманы партия мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен және бизнес қауымдастықтармен бірлесіп іске асырып жатыр. Соның арқасында халық жобаның игілігін көріп отыр.
Ауылдарға жол төселді
«Халыққа көмек» жобасы аясында «Nur Otan» партиясының Алматы, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының аудандық филиалдарына ауыл тұрғындары жолдардың нашар екенін айтып, асфальт төсеп беру туралы өтініш білдірген. Өтініш бойынша «Nur Otan» партиясының филиалдары тарапынан тиісті шара қабылданып, аудандық партия филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары А.Абдрахманов, Ж.Садырбаев Алдабергенов ауылындағы Байысов көшесінің жолын жөндеуге жергілікті бюджеттен қаражат қарастыруға қол ұшын берген және мәслихат депутаттары Б.Төрекенов, Б.Жұмағұлова жол салушы мекеме өкілдерімен кездесу өткізген. Келіссөз нәтижесінде ауылдардағы көшелерге қиыршық тас және асфальт төселіп, ауыл тұрғындары ризашылығын білдірді.Медицина құралдары жеткізілді
«Халыққа көмек» жобасы аясында «Nur Otan» партиясы Алматы, Қостанай облыстық және Шымкент қалалық филиалдарына аудандық аурухана басшылары медицина мекемесіне жүгінген халықтың қарасы көбейгенін, медицина құрылғыларына қажеттілік еселеп артқанын айтып, көмек сұраған. «Nur Otan» партиясы филиалдары тарапынан түскен өтініштер бойынша тиісті шаралар қабылданып, Алакөл ауданының жергілікті жеке кәсіпкерлері Ерлан Мақұлбеков пен Дәулет Дүйсенбеков демеуші болып, Алакөл аудандық орталық ауруханасына 5 оттегі концентраторын берді, ал Қостанай облысы және Шымкент қалалық ауруханасын жергілікті кәсіпкерлер оттегі баллондарымен қамтамасыз етті. Орталық аурухана ұжымы мен науқастар азаматтарға алғысын білдіріп жатыр.65 отбасына көмек көрсетілді
Осы жоба аясында «Nur Otan» партиясының Алматы, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Түркістан облыстарының аудандық және Шымкент қаласы филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне жұмыссыз, әлеуметтік аз қамтылған, жалғызбасты аналар, ерекше бала бағып отырған 65 отбасы көмек сұрап келген. «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары және жастар ресурстық орталығы партияның «30 қайырымды іс» акциясы аясында өтініш білдірген отбасыларға көмек көрсететінін жеткізді. Соның арқасында партия қызметкерлерінің көмегімен әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған 65 отбасына азық-түлік себеті таратылып, көмек көрсетілді.Балаларға оқу құралдары табысталды
Атырау облысындағы Мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау қорының директоры Абдел Тәжікенов Атырау облыстық мәслихатының депутаты А.Жолмұханованың қабылдауында болып, мүмкіндігі шектеулі 30 балаға «Мектепке жол» акциясы аясында мектепке қажетті жабдықтарын алып беруге көмек сұраған. Сондай-ақ Арқалық қаласында да жергілікті халық қалаулылары өз қаржысымен әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға мектепке қажетті құралдарды сыйға тартып жатыр.Мадияр ТӨЛЕУ