Велоспорттан «Испания Вуэльтасы» бәсекесінің кезекті күні қазақстандық «Астана» клубы үшін сәтті болды. Спортшылар 6-кезеңде 158 шақырымды бағындырған болатын. Бұл сында даниялық Магнус Корт Нильсен топ жарды. Ал «Астана» сапындағы Александр Власов одан 4 секундқа қалып, мәре сызығын төртінші болып кесті.
Осы нәтижесінің арқасында Власов жалпы есепте 6-сатыға көтерілді. Сондай-ақ қазақстандық клубтың өзге өкілдері, яғни Алекс Аранбуру 15, Луис Санчес 37-ші болып мәрені кесті. Соның арқасында командалар арасындағы тізімде «Астана» әзірге үшінші орында тұр. Алда әлі 15 кезең бар. «Испания Вуэльтасы» 5 қыркүйекке дейін жалғасады.М.ТӨЛЕУ