Қуаңшылық: Маңғыстаулық еріктілер шаруаларға жем-шөп апарып берді
Қуаңшылық: Маңғыстаулық еріктілер шаруаларға жем-шөп апарып берді
Сурет: depositphotos.com
263
оқылды

Маңғыстау облысының еріктілер тобы Түпқараған аудан әкімдігімен бірлесіп қуаңшылықтан зардап шеккен шаруаларға көмектесті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімдігінің хабарлауынша, шара «Клуб добряков Актау» еріктілер қозғалысының мұрындық болуымен жүзеге асырылған. Өңірдегі қуаңшылыққа байланысты аталған еріктілер тобы Қазақстан тұрғындарынан көмек сұраған. Бүгінге дейін еріктілер 8 млн теңге қаражат жинаған. Олар 21 тамызда жиналған қаржының бір бөлігіне Түпқараған ауданындағы Қаңға жерінде орналасқан 4 шаруа қожалығына, атап айтқанда «Медет» шаруа қожалығына 100 қап, «Меңдіханов Мұханбеткерей», «Серік Сеңгірбаев», «Абат» шаруашылығына 50 қаптан жем жеткізді.