Алматылық "Қайратты" Құрбан Бердыев жаттықтырады
Алматылық "Қайратты" Құрбан Бердыев жаттықтырады
Сурет: "Рубин"

Алматылық футбол клубы команданың бас бапкерінің кандидатурасын анықтады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz басылымы.

"Тень отца Гурмана" Telegram-арнасының ақпараты бойынша, жаттықтырушы ресейлік маман Құрбан Бердыев болады.
"22 тамызда, жексенбіде "Қайратта" толыққанды бас бапкер болады. Ол ресейлік маман Дмитрий Кириченко болуы мүмкін, ол Алматыда. Бірақ "Қайратты" Құрбан Бердыев алатын шығар, "Ростовта" да солай болған, Құрбан Бекиевич басқарған кезде Кириченко оның көмекшісі еді." Еске салайық, алматылық клуб 2021 жылғы маусымды Алексей Шпилевскийдің басшылығымен бастады, маусымда оның орнына Кирилл Кекер келді, ол Еуропа Лигасы іріктеуінде "Алашкерттен" жеңілгеннен кейін отставкаға кетті. Қазір бас бапкердің міндетін уақытша Артем Гавриленко атқарады", – деп жазады ақпарат көзі.