Қазақстандық спортшы халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды
Қазақстандық спортшы халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды
Фото: 24.kz
172
оқылды
Қазақстандық спортшы Дмитрий Панарин Африканың Бенин елінде бадминтоннан өткен Benin Open халықаралық жарыста күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Финалға дейін сүрінбей жеткен қазақстандық спортшы соңғы бәсекеде ғана үндістандық Аман Санжайға есе жіберді. Д.Панарин Future сериясына кіретін доданың алғаш рет финалына шықты. Жыл сайын Дмитрийдің рейтингтік көрсеткіштері жақсарып келеді. 2008 жылы ол дүниежүзілік рейтингте 1000-орындарда болса, қазір 294-сатыда тұр. Бениндегі табысынан соң Д.Панарин рейтингіде жоғарылай түсетіні анық. Ол 2019 жылы Угандада өткен әлем кубогы кезеңінде тағы бір қазақстандық Артур Ниязовпен бірге қола жүлдеге ие болған еді. Сол кезден бастап оның көрсеткіші көтеріліп келеді.