Рудный тұрғыны үйінің терезесінен жылқыларға оқ атқан
Рудный тұрғыны үйінің терезесінен жылқыларға оқ атқан
©egemen.kz
151
оқылды

Рудный қаласында масайып алған ер адам үйінің терезесінен далада жүрген жылқыларға оқ атқан. Оның бұл әрекеті көпшіліктің ашуын келтірді. Осыған байланысты Қостанай облыстық Полиция департаменті түсініктеме берді.

Ведомство мәліметінше, 22 тамыз күні Рудный қаласында, 32 жастағы азаматтың мас күйде кешке таяу өзінің екінші қабатта орналасқан пәтерінің балконынан қараусыз жүрген жылқыларға пневматикалық тапаншамен бірнеше мәрте оқ атқандығы расталған.

Тәртіп сақшылары аталған факті тіркеліп, пневатикалық тапанша тәркіленгенін жеткізді. Қазіргі уақытта процессуалдық шешім қабылданғалы жатыр.

Сонымен қатар қараусыз жүрген жылқылардың иесін анықтау іс-шаралары да қолға алынған. Ведомство оқиға кезінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ екенін хабардар етті.