Қызыл кітапқа енген бірқазанды атқан браконьер ұсталды
Қызыл кітапқа енген бірқазанды атқан браконьер ұсталды
©ecoinfo.kz
338
оқылды

Алматы облысында браконьер Қызыл кітапқа енген бірқазанды атып алған. Қылмыстық Полиция басқармасы қызметкерлері экологиялық полиция қызметкерлерімен бірге Алматы облысында бірқазанды атып алған браконьерді ұстады.

Полиция мәліметінше, 19 тамызда Сарқан ауданының Балқаш көлі жағасында Алмалы ауылының 61 жастағы тұрғыны мінген "Нива" көлігі тоқтатылған. Оның көлігін тіркеу кезінде тірі дуадақ пен бірқазанның өлігі табылды.

"Бірқазан - өз тобындағы ең ірісі. Оның саны айтарлықтай азайған және Қызыл кітапқа енген", - деді Алматы облысы бойынша мемлекеттік басқару департаменті басшысының орынбасары Лариса Кан.

Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 337-бабы 1-бөлігі "Заңсыз аңшылық" бойынша іс қозғалды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.
[caption id="attachment_157379" align="alignnone" width="1024"]Қызыл кітап ©tengrinews.kz[/caption]
"Құсты атқан күдіктінің мылтығы іс құжаттарына тіркелді. Алматы облысының аумағында 9 тамыздан 31 тамызға дейін "Браконьер" шарасы өткізіліп жатыр. Ол экологиялық заңнаманы бұзу деректерін анықтауға бағытталған. Мұндай шара Қарағанды ​​облысында да өтіп жатыр", - деді Кан.