Алматыда жол апатына ұшыраған троллейбусқа қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Алматыда жол апатына ұшыраған троллейбусқа қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Фото: tengrinews.kz
142
оқылды
Алматыда жерасты өткеліне соғылған троллейбусқа қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды. Денсаулық сақтау департаменті мәліметінше, оқиға орнынан жеті адам емес, төрт адам №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.
"Тексеруден кейін олардың үшеуі бекітілген жердегі емханаға амбулаторлық емделуге жіберілді. Жараланғандардың бірі мамандандырылған бөлімге жатқызылды", – деді Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіндегілер.
Бұл арада әлеуметтік желілерде жол апатына себепші болған тәжірибеден өтіп жүрген жүргізуші екені туралы ақпарат тарады. Бұл туралы жол апатынан зардап шеккен әйелдің жұбайы Владимир Шацких Facebook-парақшасында жазған. "Алматыэлектротранс" жүргізушінің жұмыс тәжірибесі жоқ деген ақпаратты жоққа шығарып, 1959 жылғы жүргізушінің жұмыс тәжірибесі мол екенін мәлімдеді. Бұл оқиға бойынша тергеу жүргізіліп, қылмыстық іс қозғалған.