Елдос Сметовке кәсіпкерлер пәтер мен теңіз жағалауынан жер сыйлады
Елдос Сметовке кәсіпкерлер пәтер мен теңіз жағалауынан жер сыйлады
Фото: Sports.kz
175
оқылды
Рио және Токио Олимпиадаларының жүлдегері Елдос Сметовке Ақтаулық кәсіпкерлер пәтер және теңіз маңынан жер сыйлады. Бұл туралы дзюдошының бапкері Әділ Бисенқұл Instagram парақшасында жазды.
– "Ауылға батыр келсе хан түйесін сойған" дегендей, еліміздің абыройын, көк байрағымызды желбіретіп жүрген дзюдо күресінің әлемдік аренадағы жарық жұлдызы Елдос батырға шәкіртім Мирас Бесбайұлы Сайыновтан Ақтау шаһарынан пәтер және оған қоса Rixos-тың қасынан жекеменшік жер сыйлады, – деп жазды Әділ Бисенқұл.
Бұған дейін Сметовке екі көлік сыйланған еді. Ол Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына бірінші "қола" салған спортшы атанды.