Мектеп құрылысын тексерді

Мектеп құрылысын тексерді

Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барған Парламент Мәжілісінің депутаты, «Nur Оtan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Нәзилә Раззақ Жуалы ауданы Алатау ауылындағы 100 орын­дық мектептің құрылысымен танысты.

Биыл сәуірде басталған құры­лыс жұмысын 2022 жылдың мау­сымында аяқтау жоспарланған. Жаңа білім нысанында балалардың сапалы білім алуына барлық жағ­дай жасалмақ. Мектепте оқу ка­бинеттерімен қатар, маталар мен тех­нологияларды өңдеу шеберха­насы, металл және ағаш жөніндегі аралас шеберхана, спорт залы, мәжіліс залы, 30 орындық асхана, компьютерлік сыныптар, меди­цина кабинеті болады. Жалпы, биыл облыста 10 жаңа мектеп оқушыларды қабылдауға дайын. Биыл 23 білім нысанының құрылысын жүргізуге қаржы қа­рас­тырылса, оның 11-і осы оқу жы­лында қолданысқа беріледі деп күтіліп отыр. Бұл 1 апатты, 3 үш ауы­сымды, орын тапшылығы бар, 2 тозығы жеткен мектептің мәсе­лесін шешуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ биыл 16 білім нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүр­гізіліп жатыр. Халық қалаулысы «Nur Otan» партиясының «Өзге­рістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасында білім саласы басым бағыттардың бірі екенін атап өтіп, мемлекет қар­жысына салынып жатқан нысан­ның сапасына ерекше мән беруді тапсырды. Сонымен қатар Мәжіліс депу­таты сала басшыларының өтініш­теріне құлақ түріп, білім саласын­дағы мәселелерді назарға алатынын жеткізді. Нәзила Раззақ жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта жүр­гі­зілетіндіктен, білім мекеме­лерінде санитарлық құралдардың толық болуы мен талаптардың қатаң сақталуы керегін ескертті.

М.ЖАЛҒАСҰЛЫ