Атырауда карантин талаптары күшейтілді

Атырауда карантин талаптары күшейтілді

Енді той тойлап, тәртіп бұзғандарды полиция бақылауға алады. Қаладағы ірі 14 мейрамхананың маңында полиция қызметкерлері тәулік бойы жаяу жүріп кезекшілік атқармақ. Осылайша, өңірдегі күрделі эпидемиолиялық ахуалды реттеуге күш салады.

Қазір той тойлап, карантиндік шектеулерге бағынбайтындардың саны артқан. Соңғы аптада анықталған 40-қа жуық тәртіп бұзушылықтың жартысы отбасылық шараларды өткізгендер.
«Атырау облысы аумағында коронавирус індетін жұқтырған адамдардың саны әлі де тіркеліп отыр. Оған қоса карантиндік шектеулерді сақтамай, оларды бұзу фактілері де орын алып отыр. Осыған байланысты полиция департаменті Атырау қаласы аумағында орналасқан мейрамхана маңына тәулік бойына 14 жаяу патрульдік полиция бекеттерін қойды. Бұл жұмыстарды алдағы уақытта аудандарда жүргізуді жоспарлап отырмыз,» – ПД ЖПҚ бастығының міндетін атқарушы Абзал Әліпқалиев.