Елордада ер адам дәріханаға қарақшылық шабуыл жасаған
Елордада ер адам дәріханаға қарақшылық шабуыл жасаған
©azh.kz
216
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, түнгі 22.30-да 102 нөміріне Момышұлы даңғылындағы дәріханаға қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабар түскен. Телефон шалған әйел  белгісіз біреу оны пышақпен қорқытып, кассадан 30 мың теңге алып кеткенін айтты.

Күдіктіні ұстауға полицияның жеке құрамы жұмылдырылды.

Тергеу барысында анықталғандай, түнгі он шамасында дәріханаға медициналық маска киген ер адам кіріп, дәрі сұраған. 23 жастағы қызметкер дәрі әкелуге кеткенде, ер адам артынан жүгіріп барып, тамағына пышақ тақап, ақша талап кеткен. Ақшаны алғаннан кейін, белгісіз бағытта ізін жасырынған.

Полиция дәріхана жақтан жүгіріп өткен жігітті көрген куәгерлерді тапты. Кейін бейнебақылау камераларының көмегімен күдікті жасырынған аумақты анықтады. Компьютерлік клубтардың бірін тексеру кезінде күдіктіге ұқсас 26 жастағы жігіт ұсталды. Одан пышақ пен ақша табылған. Ер адам кінәсін мойындады.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.