Дінтанушы "Талибан" Қазақстанды басып алса, не болатынын айтты
Дінтанушы "Талибан" Қазақстанды басып алса, не болатынын айтты
Фото: bbc.com
240
оқылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы,  PhD докторант, дінтанушы Елнар Берікбаев Facebook-тегі парақшасында Қазақстан аумағына тыйым салынған "Талибан" террористік ұйымы басып кірген жағдайда не болатынын болжады. 
«Талибандарға қатысты интернетте жағымсыз ақпарат көп. Олардың кім екенін түсіну үшін былай елестетіп көрейік. "Талибан" қозғалысының өкілдері Қазақстанға басып кірген жағдайда өміріміз қалай өзгеретінін елестетейік. Менің болжамым талибандардың Ауғанстанды (Ауғанстан Ислам Әмірлігі) 1996-2001 жылдары басқару кезеңіндегі қолданыстағы заңдары негізінде жасалды. Сонымен біріншіден: Қазақстан Республикасы болмайды, «Қазақстан Ислам Эмираты»  болады (басқа дін өкілдері мен атеистер қандай жағдайда болатыны айтпаса да түсінікті деп ойлаймын). Мына дүниелерге тыйым салынады: Интернет, соның ішінде әлеуметтік желілер (Fb немесе Instagram-сыз бір күн өмір сүріп көріңіз); Телевидение (ешқандай фильм мен сериал көрмейсіз); Музыка және музыкалық аспаптар (музыканы тіпті құлаққаппен де тыңдауға болмайды, мектепте музыка сабағына тыйым салынады) Сурет салу өнері  (суреттердің бәрін өртеп жіберуі мүмкін, балалар мен ересек адамдарға сурет салуға тыйым салынады) Шахмат (шашки, тоғыз құмалақ және т.б.); Ақ түсті аяқкиім (ақ түс – талибандар туының түсі); Ер адамдар сақал қоюға міндеттеледі; Әйелдерге жұмыс істеуге, еркек дәрігерлерге емделуге, қоғамдық жерлерде бетін ашып жүруге және күйеуінсіз немесе еркек туысынсыз жүруге тыйым салынады, білім алуға шектеу қойылады; Бұдан басқа күнделікті көптің алдында адамды өлтіру, аяқ-қолын шабу, таспен ату секілді жазалау түрлерін елестетіп көріңіз. Сіз осындай мемлекетте тұрғыңыз келе ме? Өз басым қаламаймын», – деп жазды Берікбаев.