Теннисшілер турнирде бақ сынайды
Теннисшілер турнирде бақ сынайды

Елордада 19-26 қыркүйек аралығында  Astana Open ATP 250 турнирі өтеді. Жарыс қарсаңында федерация қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады.

Қазақстан теннис феде­рация­сының баспасөз қызметі мәлімдегендей, аталған тур­нирде рейтингілері жоғары, белгілі ойыншылар бақ сынай­ды. Айталық, әлемнің 19-ракет­ка­сы, чилилік Кристиан Гарин, рейтингте 24-сатыдағы ресейлік Аслан Карацев, сондай-ақ сер­биялықтар Филипп Крайнович пен Душан Лайович бар. Өткен жылғы Astana Open чемпионы, аустралиялық Джон Мильман, франциялық Бенуа Пер, италия­лық Лоренцо Музетти, америка­лық Маккензи Макдональд және басқалар елордаға ат басын бұрады. Қазақстан атынан әлемнің 37-ракеткасы Александр Буб­лик­тен басқа Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Александр Недовесовтерге қоса жас тен­нис­шілер өнер көрсетеді.

Айбике ЖАНАСЫЛ