Құрбан Бердыев «Қайраттың» бас бапкері атанды
Құрбан Бердыев «Қайраттың» бас бапкері атанды
©azattyq-ruhy.kz
117
оқылды

Құрбан Бердыев «Қайраттың» бас бапкері атанды. 52 жастағы бас бапкермен келісім маусым соңына дейін жасалды. Қос тарап ынтымақтастық мерзімін тағы екі жылға ұзарта алады.

Оның көмекшісі ретінде «Ростовта» бірге жұмыс істеген Дмитрий Кириченко тағайындалатыны белгілі болды. Бердыев осы уақытқа дейін клуб иесі Қайрат Боранбаевтың кеңесшісі қызметін атқарды.
Жаттықтырушы бұған дейін «Қайратты» 1991-1993 және 1994-1995 жылдары баптаған еді.
Айта кетейік, алматылық клубтың бұрынғы бапкері Кирилл Кекер командасы Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде армениялық «Алашкерттен» ұтылған соң орнын босатқан еді.
«Қайрат» қазіргі таңда ҚПЛ турнир кестесінде үшінші орынға жайғасқан. Команда Конференция лигасының топтық кезеңіне шығуға жақын.