Маңғыстауда жүздеген мұнайшы жалақыларын көтеруді талап етті

Маңғыстауда жүздеген мұнайшы жалақыларын көтеруді талап етті

Маңғыстау облысындағы бірнеше мұнай кен орындарының жұмысшылары жалақыны көтеруді талап етіп, наразылыққа шықты. Атап айтсақ, Қаламқас кен орнындағы "Ақтаукрантехсервистің" 200-ден астам қызметкері және Жетібай мен Жаңаөзен кен орындарындағы жұмысшылар жалақысын көтеру туралы өтініш білдірді. Оларды Ақтаудағы әріптестері де қолдады. Бұл туралы "Ақтау-Лада" басылымы хабарлады.

Жұмысшылардың айтуынша, қазіргі уақытта бір қызметкердің жалақысы - 120 мың теңге. Азық-түлік және басқа да қажетті тауарлар бағасының өсуіне байланысты олар жалақыны 250-300 мың теңгеге дейін көтеруді сұрайды.
24 тамызда жұмысшылар Президентке, Премьер-министр Асқар Маминге, "ҚазМұнайГаз" АҚ Президенті Алик Айдарбаевқа және Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трумовқа наразылықтарын айтып, жүгінді.
[embed]https://www.youtube.com/watch?v=88uztxJ7Yf0[/embed]