Қазақстан қазынасынан 1 миллион доллар мен 40 миллион теңге ұрлаған әйел сотталды
Қазақстан қазынасынан 1 миллион доллар мен 40 миллион теңге ұрлаған әйел сотталды
© vesti-omsk.ru
Журналистер 16 жылдан бері халықаралық іздеуде болған сотталушыны «көрінбейтін қыз» деп атап кеткен, - деп хабарлады vesti-omsk.ru.
Тергеу мәліметтері бойынша, ол жұмысқа ресми түрде орналаспаған, жылжымайтын мүлік сатып алмаған, туыстарымен сөйлеспеген. Полицияның назарына түспеу үшін қолынан келгеннің бәрін істеген. Ол екі серіктесімен бірге ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің шотынан ірі көлемдегі сома – 1 миллион АҚШ доллары және 40 миллион теңге ұрлады деп айыпталды. Сондай-ақ, ол қылмыс жасау үшін өзін басқа адам ретінде көрсеткен. Содан кейін 16 жыл бойы жасырынып жүрген. Омбы қаласының Киров аудандық сотының шешімімен, кінәлі жалпы режимдегі түзеу колониясында жазасын өтеумен 2 жыл 5 айға бас бостандығынан айырылды. Ол сот залында қамауға алынды. Анықталғандай, сотталушы Светлана Киршова – РФ азаматшасы. Тергеу материалдарына сәйкес, сотталушы болашақ серіктерінің бірімен танысып, содан кейін олар тағы бір танысымен бірге Қазақстанға «қосымша ақша табу үшін» барған. Қылмыстық топ Қазақстанда біркүндік фирма құрып, Киршованың төлқұжаттық деректері негізінде сыңарының жалған құжаттарын дайындаған. Бұл құжаттардың көмегімен 2003 жылы Қазақстанда Қазынашылық басқармаға жұмысқа орналасқан. Сондай-ақ, Светлана тек қазынашылықта жұмыс істеп қана қоймай, сонымен қатар жұмыста қызметі өсіп, ақшаны жалған шотқа аударуға мүмкіндік туған. Тексеру басталғаннан кейін қыз жоғалып, 16 жыл бойы органдардан жасырынып жүрген. Киршова Белгородта ұсталды. Светлана Киршованың болжамды серіктестері де сотталды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.