Ақмола облысында вирус жұқтырған балалар мен жүкті әйелдердің саны артып барады
Ақмола облысында вирус жұқтырған балалар мен жүкті әйелдердің саны артып барады
©sxodim.com
218
оқылды

Тамыз айының өзінде 1 жасқа дейінгі 100-ден астам баланың ауырғаны анықталып отыр.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жұқпалы аурулар орталығында бірнеше жүкті әйел ем алып жатыр. Ал олардың нәрестелерінен ауру белгілері байқалмаған.

 - Қазір бізде коронавирус инфекциясына шалдыққан 22 жүкті әйел бар. Оның барлығы жұқпалы аурулар орталығында ем қабылдап жатыр. Орталықта былтырғы 9 қарашадан бастап ауру жұқтырған 84 әйел босанды. Биыл қауіпті індеттен көз жұмған бала болған жоқ, - облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықов.