Қазақстанда кәсіби киберспортшылар саны артып келеді. Егер бұрын компьютерлік ойындар бос уақытты өткізудің бір ғана әдісі болып саналса, қазір виртуалды спортшылар бір-бірімен бәсекелесіп, шеберліктің барлық шыңдарына жетеді. Осылайша, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанаты мен «Qazaq Cybersport Federation» республикалық қоғамдық бірлестігі (РҚБ) арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюдың арқасында отандық ойынды дамутудың жаңа серпініне ие болады.
Атап айтқанда, құжат халықаралық талдаушылар мен комментаторларды тарту арқылы мастер-класстар, оқыту семинарлары мен турнирлер өткізу мүмкіндігін қарастырады.Айта кету керек, құрылған сәттен бастап Федерация 140 турнир өткізіп, оған 40 мыңға жуық қатысушы қатысты. Алғашқы бірлескен «Jas Otan» және «Qazaq Cybersport Federation» киберспорттық іс-шаралары ағымдағы жылдың қараша айында жоспарланып отыр.«2018 жылдың маусымынан бастап киберспорт Қазақстанда ресми спорт түрі болып танылды, ал өткен жылы ғана біз Ұлттық Олимпиада комитетінен мойындау туралы сертификат алдық. Енді біздің қозғалысты дамытуға, студенттік және мектептегі киберспортты жетілдіруге көбірек жастарды тарту үшін біз «Jas Otan» – мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойдық», - деп мәлімдеді Әлібек Аханов.