АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы қазақ тілінде бейнеүндеу жария етті
АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы қазақ тілінде бейнеүндеу жария етті
Кэролайн Сэвидж
196
оқылды
Енді, міне, консулдықтың әлеуметтік желідегі парақшасында оның қазақ тіліндегі бейнеүндеуі жарияланып отыр. «Құрметті достар! Менің атым Кэролайн Сэвидж. АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы ретінде қызметімді бастау — мен үшін үлкен құрмет. Екі еліміздің отыз жылдық достығымызды сіз бен біз одан ары нығайта беретінімізге сенімім мол. Әсем де бай қазақ тілін бір жылдай бойы оқып, енді, міне, Алматыға келгеніме қуаныштымын. Осындай асқар таудың баурайында тұру ғажап екен. Оған отбасымызбен үйімізде отырып-ақ көзіміз жетті. Әзірге жұбайым, балаларым — бәріміз саяхаттан кейінгі COVID-тестіні жасағанша үйдеміз. Алайда Қазақстанмен, оның халқымен, яғни сіздермен тезірек танысып, жүздесу сәтін асыға күтеміз. Қазақстанның сұлулығын паш ететін Алматы мен оның айналасындағы көрікті жерлер туралы кеңестеріңізді күтемін. Ұсыныстарыңыз үшін алдын ала рахметімді айтамын», – деп барша Қазақстан халқына ерекше құрметі мен ілтипатын білдіріп жатыр Сэвидж ханым. Айта кетейік, АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Кэролайн Сэвидждің консулдық аймағына Алматы мен Шымкент қалалары және Алматы, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстары кіреді.  Сэвидж ханым АҚШ Мемлекеттік департаменттегі қызметін 2004 жылы бастаған екен. Сондай-ақ оның шетелде қызмет еткен жылдары Әзербайжан мен Мозамбиктегі АҚШ елшіліктерінде Қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесші, АҚШ-тың Беларусьтегі елшілігінде Қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесші және консул, ал Люксембургтегі АҚШ елшілігінде Саяси және виза мәселелері жөніндегі қызметкері болғаны мәлім.