Азия чемпионатында тәжікстандық боксшыны қателесіп, Қазақстан атынан таныстырды
Азия чемпионатында тәжікстандық боксшыны қателесіп, Қазақстан атынан таныстырды
182
оқылды
Дубайдағы (БАӘ) жасөспірімдер мен жастар арасындағы бокстан Азия чемпионатында бір спортшыны қателесіп, қазақстандық ретінде таныстырды. Өзбек боксшысы Лазизбек Тулкиновқа қарсы жекпе-жектің алдында (2005-2006 ж.т.) 63 келіге дейінгі салмақта тәжікстандық боксшы Мұхаммед Джабборовты қазақстандық ретінде таныстырып, Қазақстан Туы көрсетілді, – деп жазады Sports.kz. Бұл жекпе-жекте Тулкинов жеңіске жетті.