Роналду "Манчестер ситиге" ауысқаны рас па?
Роналду "Манчестер ситиге" ауысқаны рас па?
257
оқылды
Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду "Ювентус" командасынан кетуі мүмкін. Журналист Гонсалу Лопештің хабарлауынша, «Манчестер Сити» мен «Ювентус» Криштиану Роналдудың трансфері бойынша келісімге келген. https://twitter.com/_GoncaloLopes/status/1430877527120171008?s=20 Келіссөз жүргізу үшін Криштианудың агенті Жорже Мендеш "Ювентустың" кеңсесіне келген. Бұған дейін "Манчестер Сити" Роналдудың трансферіне ақша бөлгісі келмейді, оның орнына "Ювентуске" бразилиялық шабуылшы Габриэл Жезусты беруі мүмкін деген ақпарат тараған. Сонымен қатар, итальяндық БАҚ Хосеп Гвардиоланың Роналдуға қызығушылық танытқанын жазуда. Португалиялық шабуылшы да Англия премьер-лигасының чемпиондарына қосылуға ниет білдірген.