Туризмді дамыту – басты бағыттың бірі
Туризмді дамыту – басты бағыттың бірі
280
оқылды

«Nur Otan» партиясы Ақ­мо­ла облыстық филиалы тө­­­рағасының орынбасары Ға­лым Бекмағамбетовтің же­текшілігімен өңірге қа­рас­ты Бурабай мен Зеренді ау­дандарында туризмнің да­муын қолдау бойынша кеңес өтті. Жиында осы ба­ғыт­та атқарылып жатқан жұ­мыстар талқыланды.

Қазір Щучинск-Бурабай ку­рорт­ты аймағын дамыту бойын­ша арнайы бағдарлама жа­сақ­та­лып, биыл 9 түрлі іс-шара жүзеге асы­п жатыр. Бұл бағытта ат­қарылған істермен «Nur Otan» пар­тиясы Бурабай аумақтық фи­лиалының төрағасы, аудан әкі­мі Әсет Мұздыбаев таныс­тыр­ды. Оның айтуынша, қолға алын­ған 9 іс-шараның төртеуі ин­вестициялық жоба. Бұған 800 орын­дық AQBURA Resort жаңа ку­рорттық орталығы мен Щучье кө­лі жағалауына жақын жерде ор­наласқан қонақ үй кешенінің құ­рылысы кіреді. Сондай-ақ Бу­ра­байда «Променад» көп­бейін­ді кешені және «Қонақ үй жә­не мәдени, тұрмыстық, ойын-сауық қызметтерінің ны­сан­дары» да туристерді қабыл­дау­ға әзір болмақ. Алайда кеңеске қатысу­шы­лар туристерді қабылдау мен ор­наластыруды ғана емес, олар­дың бос уақытын тиімді пай­да­лану жағын да қарастырып, ес­керу қажеттігін алға тартты. Со­нымен қатар Бурабай кен­ті­нің архитектуралық келбетіне де мән беру керегі айтылды. «Nur Otan» партиясы Ақмола об­лыстық филиалы төра­ға­­сы­ның орынбасары Ғалым Бек­ма­ғам­бетов Бурабай мен Зеренді өңір­лерінде кезінде көптеп шо­­­ғыр­лан­ған балалар л­а­ге­рь­лері­­нің бү­гінде жабылып, от­ба­сылық де­малыс орталықтарына ай­налуына қынжылатынын жет­­кізді. Сондықтан кеңес оты­ры­сында тек кемшін тұстарды тізе бер­мей, кеңес мүшелерінен ол­қы­лықтарды түзету және нақ­ты ба­лалар туризмін дамыту ба­­­ғы­тын­да ұсыныстар күтетінін айтты. Жалпы, Зеренді ауданында ту­ризмді дамытудың әлеуеті зор. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Зе­ренді аумақтық филиалының тө­рағасы, аудан әкімі Әсен Жақ­сылықов баяндады. – Қазір ауданда 40-тан аса ту­ристік нысан жұмыс істеп тұр. Оның 11-і жыл он екі ай қызмет көр­сетіп, 2 мыңға жуық туристі қа­былдауға қауқарлы. Зерлі Зерен­діде паспортталған 5 ту­рис­тік жаяу жүргінші жолы бар. 16 тарихи-мәдени мұра нысаны тұр. Алайда аудан туристік са­ла­ны дамыту мен қолдау бойын­ша бірде-бір бағдарламаға енбей қал­ған көрінеді. Сондықтан 2020 жылы Зеренді курортты ай­­­мағын 2025 жылға дейін ке­зең-кезеңімен дамыту жоспары әзі­рленіп, бекітілген. Соған сәй­кес 45 іс-шара қаралған. Оның 19-ы орындалған. Бұл үшін бюд­жеттен 383,9 миллион теңге бө­­лін­ді, – дейді аудан әкімі. Зерендінің туристік әлеуетін арт­тыру мақсатында биыл 1,7 мил­лиард теңгеге «Зеренді-Кра­с­ный Кордон мен Ермаковка ауы­лының шекарасы» бағы­тын­дағы 36 шақырымдық облыстық маңызы бар жол орташа жөн­деу­ден өтіп жатыр. Бұл Имантау-Шал­қар, Зеренді мен Щучье-Бура­бай курортты аймақтарын жал­ғамақ. Жуырда Зеренді ауы­лы­ның бас жоспары бекітілген. Онда туристік нысандарды са­лу­­ға жер телімдері қарас­тырыл­ған. Жиын соңында аудан әкімі Зерен­дідегі электр жарығы мә­се­ле­сін де шешу күн тәртібінде тұр­ғанын мәлімдеді.

   М.ТӨЛЕУ