Илон Маскті Байқоңырға шақырды
Илон Маскті Байқоңырға шақырды
319
оқылды

5 қазанда Байқоңыр ғарыш айлағынан ерекше экипажы бар «Союз МС-19» кемесін ұшыру жоспарланған. Ресейлік арналардың хабарлауы бойынша,  бұл экипаж орбитада көркем фильм түсіреді.

Қазір шараға дайындық  жүріп жатыр.  Телеарна сюжетін­де «Вызов»  фильмін ресейлік «Роскосмос» мекемесі мен ре­сей­лік телеарнаның бірлескен ағартушылық жобасы ретінде таныстырады. Дайындық бары­сында кеме командирі, ресейлік ғарышкер Антон Шкаплеров, әртіс Юлия Пересильд, режиссер және оператор Клим Шипенко халықаралық ғарыш стансасына ұшатын костюммен жаттығу өткізіп жүргенін көруге болады. Мәлімет бойынша, олар шамамен бір айдан соң орбитаға шығады. Түсірілім тобы ғарыш стансасында 12 күн болады. Осы уақыт ішінде фильмнің үштен бір бөлігі түсіріледі. Ұйымдастырушылар эки­паж­ды орбитаға шығарып салу салтанатына Илон Маск, Ричард Бренсон мен Джефф Базосты шақырған. «Илон Маскке  арнайы ша­қыру жолдадым. Брэнсон және Безос мырзаны да шақырғымыз келеді. Ғаламат үш ғарыш энту­зиасті біздің жобаға Байқоңыр төрінде куә болса, керемет болар еді», – дейді ресейлік «Рос­космос» мекемесінің басшысы.

А.ЖОЛДАС