Қазақ балуаны әлем құрамасында
Қазақ балуаны әлем құрамасында
108
оқылды

Ұлттық Олимпиада комитеті Азия чемпионы Айдос Сұлтанғалидің грек-рим күресінен  балуандар бәсекесіне қатысқанын хабарлады. Айтулы іс-шара Ресейде өткен.

Иван Поддубныйдың 150 жылдығына арналған сайыста Ресей және әлем құрамасы кез­десті. Әлем құрамасы сапында қазақстандық Айдос Сұлтанғали де өнер көрсетті. «Аталған бәсеке шоуға кө­бірек келеді. Бірақ маған өту фор­маты да, ұйымдастырылуы да қатты ұнады. Біздің елде де осындай жарыстар жиі өтіп тұрса деген тілегім бар. Маған бұл бә­се­ке­ге қатысу туралы ұсынысты өзбекстандық балуан Рустам Ассакалов айтты. Жол шығыны мен жатын орынды өздері төлей­ді екен. Маған тек күресу ғана қалды. 63 келі салмақта белдестім. Негізі, өз салмағымнан артық екенін білесіздер. Олимпиада ойындарының қатысушысы Степан Марянянмен белдесіп, 3:6 есебімен жеңіліп қалдым. Десе де, бұл үлкен тәжірибе болды мен үшін. Жарыс соңында даңқты Александр Карелин сый-сияпат жасады», – дейді Айдос.

А.ЖОЛДАС