Вакцина салғызу өндіріс қарқынына да әсер етті
Вакцина салғызу өндіріс қарқынына да әсер етті
180
оқылды

Алматы облысының көп­теген ірі кәсіп­орындарында COVID-19-ға қарсы вакцина салу науқаны аяқталды деуге болады. Вакцина алған аза­маттардың арқасында  қалып­тасқан ұжымдық иммунитеттің нәтижесінде өңірдегі  кәсіп­орындарда жұқтыру фактілері барынша азайып, кейбірінде мүлде тіркелмейтін болған­дықтан  өндірістің өсу қарқыны сақталып отыр.

Мәселен, «Шин-Лайн» ком­пания­лар тобында қызметкерлердің 75%-ы коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алды. Осы ком­панияның балмұздақ шығаратын еншілес кәсіпорны «Шин-Лайн» ЖШС-да жұмысшы­лар­дың 89%-ы вакцина алды. Компаниялар тобының президенті Андрей Шин алғашқы­лардың бірі болып екпе cалдырып, ұжымына үлгі көрсетті. Қызметкерлер арасында вак­цинациялау бойынша түсіндіру жұмыстарына да белсене ат­салысты. «Шин-Лайн» компаниясында қызметкерлер денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақ­сатында ұжымда вакцина­циялау жүргізу туралы шешім қа­былданды. Бұл – адамдарды COVID-19 жұқ­тырудан қорғаудың, ал кәсіпорынға тоқтаусыз жұмыс істеуге мүмкіндік берудің бірден-бір сенімді жолы деп санаймыз. Екпе салдыру науқаны кәсіпорында 15 сәуірде басталды. Біз өнімнің қауіпсіздігіне байланысты барлық нәрсеге жауап­кершілікпен қарай­мыз, сондықтан санитарлық қыз­меттердің ұсыныс­тарын басшы­лыққа аламыз және үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Өз қыз­меткерлерін вакциналау қажеттілігі туралы ақпараттандыру басшы­лықтың маңызды міндетіне айнал­ды», – дейді Андрей Шин. Өңірде фармацевтика сала­сында табысты қызмет атқарып жатқан кәсіпорынның бірі – Kelun-Kazpharm. Зауытта 312 адам жұмыс істейді. Кәсіпорында осы жылдың мамыр айында басталған егу науқаны барысында қызмет­керлердің жартысынан астамы вакцина алып үлгеріпті. Ком­панияның дәрілік заттарды тіркеу жөніндегі менеджері Абай Масақ­баевтың айтуынша, ол «өзін және отбасын коронавирус инфек­циясын жұқтыру қаупінен қорғау мақсатында» бірінші болып екпе салдырған. «Коронавирус пандемиясы бір жылдан астам уақыттан бері тара­лып келеді және оның қашан аяқталатыны әлі белгісіз. Бетперде кию, жеке гигиенаны сақтау, арнайы әлеуметтік қашықтықты сақтау мен вакциналау күнделікті өмірде эпидемияның алдын алу­дың ең тиімді шаралары болып саналады. Сондықтан ауырғаннан гөрі екпе салып, сау жүрген артық», – дейді ол. Kelun-Kazpharm мамандары егу науқаны кәсіпорынның дәрі-дәрмектерді үздіксіз өндіру мен жеткізуді жалғастыруға мүмкіндік бергенін айтады. Қазір меди­цина­лық препараттар ерекше тауарлар санатында. Эпидемия кезінде өнімді сапалы жеткізуді қамта­масыз етуге баса назар аударылады. Сондықтан да  күрделі кезеңде мемлекеттің вакциналау туралы үндеуін қолдап, әлеуметтік жауап­кершілік танытып отыр. Алматы облысы әкімдігінің мә­ліметінше, 24 тамыздағы жағдай бойынша өңірде COVID-19 вак­цина­сының бірінші компонентін 647 744 адам алды. Вакцинаның екінші компонентін 515 544 адам алған.

Болат АБАҒАН, Алматы облысы