Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты.

Қаулыға сәйкес:
Нысандарға Ashyq жобасын енгізу және іске асыру жалғастырылсын;
Өңірлердің, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) құзыретіне сәйкес шаралар қабылдасын;
"Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) жобаға қатысушылардың арасында заңбұзушылықтардың алдын алуды жүргізуді қамтамасыз етсін;
Алматы қаласын қоспағанда, биыл 28 тамыздан бастап мыналардың жұмысына:
демалыс күндері – Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес нысандары жұмысына – сағат 00.00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшыларының жұмысына – қызметкерлер мен келушілерде "жасыл мәртебе" болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) сағат 02.00-ге дейін;
сенбі күндері – қоғамдық  көліктің жұмысына рұқсат етілсін;
Алматы қаласын қоспағанда, биыл 30 тамыздан бастап Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес нысандары үшін жұмыс уақытын (режимін) жұмыс күндері сағат 22.00-ден 00.00-ге дейін, Ashyq жобасының "көшбасшылары" үшін сағат 00.00-ден 02.00-ге дейін ұзартсын.
Эпидемиологиялық жағдай тұрақталған жағдайда Алматы қаласында карантин шараларын жеңілдетуді енгізу тиісінше биыл 4 және 6 қыркүйектен басталсын.