2020 жылы туған баланы Toyota Hiace көлігі қағып кетті. Бала ауыр жарақат салдарынан ауруханада көз жұмды.
Қайғылы оқиға Алатау ауданындағы Теректі шағынауданында болған. Toyota Hiace көлігінің жүргізушісі балаларды балабақшаға апарып, алып келумен айналысады. Оның айтуынша, жұмыс кезінде ол бірнеше баланы көліктен түсірген.
Сол уақытта 2020 жылғы бала көліктен шығып, оның қарама-қарсы жағына қарай өтіп кеткен. Қалай екені белгісіз, машинаның доңғалағының астында қалып қойған.
Жүргізуші баланы байқамай көлігін жүргізіп, оны қағып кеткен. Ол алған ауыр жарақат салдарынан ауруханада көз жұмды.
Оқиға орнында болған барлық мән-жайды егжей-тегжейлі анықтау үшін криминалистер мен жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеді.