Жамбыл облысындағы жағдай бәрімізді алаңдатып отыр – Мәулен Әшімбаев
Жамбыл облысындағы жағдай бәрімізді алаңдатып отыр – Мәулен Әшімбаев
©abai.kz
177
оқылды

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Жамбыл облысында болған төтенше жағдай бәрін алаңдатып отырғанын жеткізді.

 Жамбыл облысында болған төтенше жағдай бәрімізді алаңдатып отырғаны рас. Мұндай сын-сағатта, ең алдымен, сабыр сақтаудың маңызды екені түсінікті.
Қазір апат аумағындағы ахуал Мемлекет басшысының бақылауында. Президентіміздің тапсырмасымен тиісті органдардың басшылары оқиға орнына шұғыл барып, облыс басшылығымен бірлесіп әрекет етіп жатыр.
Сондай-ақ, Байзақ ауданында жедел штаб құрылып, құтқарушылар, әскери қызметшілер, дәрігерлер және басқа да белсенді азаматтар жұмыс істеп жатыр. Өкінішке қарай, қаза тапқандардың бар екені белгілі болды. Опат болғандардың отбастары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз және апаттан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз", – деп жазды ол өзінің facebook парақшасында.