Шавкат Мирзиёев Тоқаевқа Жамбыл облысында болған жарылысқа байланысты көңіл айтты
Шавкат Мирзиёев Тоқаевқа Жамбыл облысында болған жарылысқа байланысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті,- деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Өзбек тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті.
Өзбекстан басшысы Жамбыл облысында болған қайғылы да төтенше оқиғаға байланысты Қазақстан Президенті мен халқына көңіл айтты. Шавкат Мирзиёев қайтыс болған азаматтардың отбасыларына қолдауы мен жұбату сөздерін жеткізуді сұрап, зардап шеккендердің сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Әңгімелесу барысында тараптар Ауғанстандағы қазіргі жағдайға қатысты пікір алмасты.Мемлекеттер басшылары екіжақты және көпжақты деңгейде тығыз байланыстарды нығайту бағытындағы жұмыстарды жалғастыра беруге мүдделі екендерін нақтылады.