Партия мүшелері белсенділік танытты
Партия мүшелері белсенділік танытты
209
оқылды

«Nur Otan» партиясының мүшесі, Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты Мұрат Бөрібаев тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады.

Өтінішімен келген азаматтар­дың саны өте көп болды. Мәселен, Жезқазған қаласының тұрғындары А.Амандық, Ж.Қыстаубаева, Б.Амандық, С.Журтаханова жұ­мыс­қа орналастыру бойынша өтініш білдірді. Тұрғындардың өтінішін назарға алған депутат алдағы уақытта жұмыс бабы бо­йынша оларды сұхбатқа шақы­ра­тынын мәлімдеді. Өтініш біл­діру­шілер көрсетілген көмекке орай алғыс айтты. Сондай-ақ «Nur Otan» пар­тиясы Жезқазған қалалық филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі  аймақтық кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібін­де «Жастар – Отанға!» Жол карта­сының 2021 жылдың бірінші жар­тыжылдығының қорытындысы жария етілді. Кеңесте «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша келесі маусымда жұмыс­шылар санын толық қамту керегі айтылды. Ал эпидемиологиялық жағдайға бай­ланысты орындалмай қалған іс-шаралар мен индика­торлар кешені келесі жартыжыл­дыққа ауыс­ты­рылды. Жиын со­ңын­да атқаруға қажет жұмыстар талқыланып, ал­дағы жартыжыл­дық жоспарланды. Бұдан бөлек, «Мектепке жол» республикалық акциясы Жез­қазған өңірінде де жалғасып жа­тыр. Акция мақсаты – аз қамтыл­ған және көпбалалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қал­ған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде материалдық көмек көрсету. Осы орайда қала жастарының ұйымдастыруымен бірнеше отбасыға оқу құрал­дары бар сөмке табыс етілді. Бұл тұста аймақтағы мәслихат депутат­тары мен кәсіпкерлердің де ең­бе­гін ұмытпаған жөн. Себебі олар­дың тікелей демеушілігімен қа­жетті құрал-жабдықтар алынып, акция жалғасын тауып жүр. Жаңа оқу жылы қар­саңында Жезқазған қалалық мәсли­хатының депутаты Светлана Жум­кина санитарлық-эпидемиология­лық талаптарды сақтай отырып, студенттер мен оқушылардың инк­люзивті білім алуына  жағдай  жасауды қамтамасыз ету мақсатында оқу орындарына мониторинг жүргізді. Қалада оқу орындары жетерлік. О.Байқоңы­ров атындағы Жезқазған универ­си­тетінен бастап, «Жезқазған тех­нология және сервис коллед­жі», «Тау-кен металлургия коллед­жі», «Жезқазған гуманитарлық колледжі» бар. Тексеріс нәтиже­сін­де аталған оқу орындарының санитарлық жабдықтармен толық қамтылғаны және жаңа оқу жы­лына дайын екені байқалды. Ерекше қажеттілігі бар студенттер үшін пандустар, қызметшілерді шақыруға арналған арнайы түй­мелер бар. Есіктердің де ені әдет­тегіден үлкен етіліп салынған.

М.ЖАЛҒАСҰЛЫ