Депутаттар тұрғындарды қабылдады
Депутаттар тұрғындарды қабылдады
205
оқылды

Ақпан айынан бастап «Nur Otan» партиясы Ал­маты қалалық филиалы­ның қоғамдық қабыл­дауын­да VII шақырылым­дағы Алматы қалалық мәс­лихат депутаттары мега­полис тұрғындарын қабылдауды бастады.

Депутат Жансая Әбдімәлік пен Әсия Ақанова, сондай-ақ Константин Авершин онлайн режимде азаматтардың өті­нішін тыңдады. Сұрақтардың басым бөлігі жер учаскелерін заңсыз басып алу, ТКШ, жұмысқа орналас­у және тиісті медициналық қызмет көрсетпеу мәселесіне қатысты болды. Мысалы, ал­матылық Г.Маматаева үшінші балаға жүктіліктің 33-апта­сында медициналық сақтан­ды­руы болмағандықтан, №13 емханада дәрігерлік көмек көр­сетуде қиындыққа тап бол­­ған. Алматы қаласы Қо­ғамдық денсаулық сақтау бас­қар­масының басшылығымен бір­лескен әрекеттің нәти­жесінде өтініш беруші дереу емханаға тіркеліп, толық медициналық тексеру­ден өтті. Ақпанның бірінші апта­сындағы барлық өтініш бойынша Қазақстан заң­намасы аясында түсініктеме­лер беріліп, тиісті мемлекеттік органдарға депутаттық сауал жолданды. Әрбір өтініштің орындалуы «Nur Otan» пар­тия­сы Алматы қалалық фи­лиалы басшылығының күн­де­лікті бақылауына алынды.

Әбілмансұр ЖАСАН