Кәсіподақ өкілдері депутаттармен кездесті

Кәсіподақ өкілдері депутаттармен кездесті

Батыс Қазақстан облысында іссапармен жүрген «Nur Otan» партиясы фракциясының мү­ше­лері, Парламент мінің депутаты Мәлік Құлшар мен Снежанна Имашева өңірдегі кәсіподақ өкілдерімен кездесті.

Жиын барысында облыстық кәсіподақ төрағасының орын­ба­сары Бауыржан Атауов сөз бастап, қазір Батыс Қазақстан облысындағы кә­сіподақтың хал-ахуалын, өзекті мә­селелерін атап көрсетті. Кез­десуге қа­тысушы са­лалық жергілікті кәсі­п­одақ төра­ғалары мен ма­мандары әр саладағы қиындық ту­ғызған жайттар мен жұмысшы­лар­дың ұсыныстарын депутаттарға жеткізді. «Қызмет» облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қыз­мет көрсету қызметкерлері сала­лық кәсіподағының төрағасы Серік Сүлеймен жергілікті халықты уа­йым­датып жүрген ауқымды 2 мә­селені атады. Ең алдымен, зейнет­кер­­лерге халықтың әлеуметтік тұр­ғы­дан әлсіз тобына берілетін көмек­тің айлық есептік көрсеткішке ті­ке­лей тәуелділігі, яғни бұл соманың Үкіметпен бекітілген азық-түлік се­бетін сатып алуға жеткіліксіз екені. Екіншіден, ұзақ  уақыттан бері автокөлік мәселесі өзекті болып тұр. Осы сұрақтарды шешу жолдары бойынша мардымды ұсыныс депу­таттарға айтылды. Өңірдегі іссапар барысында ха­лық қалаулылары еңбек қаты­нас­тары мәселесін көтеріп келе жат­қаны жөнінде баяндады. «Қашықтан жұмыс істеу еркіндігі, делдалдар ар­қылы жұмыс істеудің қиын­дық­тары жақын арада қабылданатын заңда қарастыралады», – деді Мә­жіліс депутаты Снежанна Валерьевна. Сондай-ақ партияның облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Заңгерлік көмек» пар­тиялық жобасы аясында азаматтық істер бойынша заңгер, «Қазақстан заңгерлер одағы» ҚБ облыстық фи­лиалының төрағасы, БҚО заң кон­сультанттары палатасының төрағасы Ринат Телепов тұрғындарды қабыл­дады. Қабылдауға несиені өтей алмау салдарынан ісінің 3 сот орындаушы­сына жолданып, ендігі кезекте мұ­рагерлікке өте алмай жүрген тұрғын келді. Тұрғынның айтуынша, ісін заң­сыз түрде, яғни өтеушіге ескерт­пей сот орындаушыларға жіберген. Аталған мәселенің барлық мән-жайы анықталып, тұрғынның бай­ланыс деректерін жазып алып, мә­селені Ринат Жұмабайұлы бақылауға алатынын жеткізді. Бұдан соң ПИК пен МИБ мәселесімен Орал қаласындағы Н.Назарбаев 233/3 мекенжайында тұратын тұрғындар келді. Тұрғын­дардың барлық байланыс деректері жазылып, консультативтік және заң­намалық тұрғыдан кеңес берілді. Қабылдау соңында Ринат Телепов партияға заң тұрғысынан көмек сұрап жүгінген тұрғындарға қолдау көрсетуге әзір екенін айтты.

М.ХАҚНАЗАР