Өзбекстанның Қашқадария облысының бір тұрғыны баласын арматурамен ұрып өлтірген. Мәліметтерге қарағанда, әке қылмыс жасаған уақытта мас болған.
Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, кісі өлтіру қылмысы 25 тамызда "Тарагай" махалласында тіркелген. Оқиға орнына жеткен шұғыл топ қылмыстың қалай болғанын анықтаған. Сол түні әке үйінде арақ ішкен. Оның баласы да мас болған.
Екеуі жанжалдасып қалып, әкесі баласын арматурамен ұрып өлтірген.
Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.