Биыл Қазақстанда әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы төмен азаматтарды үймен қамтамасыз ету – жалға алғаны үшін төлеген соманың бір бөлігін қайтарып беру механизмі жаңартылды, – деп хабарлады Informburo.kz басылымы Krisha.kz сайтына сілтеме жасап.
Механизм тапқан табысы жан басына шаққанда күнкөріс деңгейінен төмен, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға арналған. Биыл бұл сома 34 302 теңгені құрайды. Қазір мұндай кезекте тұрған 185 азамат бар. Жыл сайын үстіне шамамен 18 мың адам қосылып отырады. Негізінен олар:- көпбалалы отбасылар;
- жетім балалар;
- мүгедек бала бағып отырған отбасылар;
- басқа да әлеуметтік осал топтағылар.
- Алматы қаласында – 0,55 АЕК-ке дейін (1 604 теңге);
- Алматының шет жағында – 0,45 АЕК-ке дейін (1 313 теңге);
- Нұр-Сұлтан мен оның шет жағында – 0,5 АЕК-ке дейін (1 459 теңге);
- Шымкентте – 0,45 АЕК-ке дейін (1 313 теңге);
- Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан, Қарағанды және Қостанай облыстарында – 0,4 АЕК-ке дейін (1 167 теңге);
- басқа өңірлерде – 0,35 АЕК-ке дейін (1 021 теңге).