Тараз тұрғындары Жамбыл облысы Байзақ ауданында оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан қаза болғандарды еске алды, — деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сурет ВТВС Tеlegram-каналында жарияланды."Адамдар аза тұту күні қаза тапқандар қызмет еткен екінші шағын аудандағы өрт сөндіру бөлімінің алдына гүл шоқтарын қойып жатыр", — деп жазылған фото астында.Өрт сөндіру бөлімінің маңына үстелдер қойылған, ол жерде ерлікпен көз жұмған бес адамның суреті тұр. Олардың арасында:
- Темірболатов Арнұр Серікұлы – Жамбыл облысы ТЖ департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы;
- Сандыбаев Елдос Қадырбайұлы – Жамбыл облысы ТЖ департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы;
- Микропуло Александр Николаевич – Жамбыл облысы ТЖ департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі (өрт сөндіру жетекшісінің орынбасары).
- Төребеков Тәңірберген Құдайбергенұлы – Жамбыл облысы ТЖ департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы;
- Айманов Мейіржан Қақпасынұлы – Жамбыл облысы ТЖ департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары.