Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды
Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды
Фото: Sports.kz
163
оқылды
Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық боксшылар 12 медаль иеленді. Оның төртеуі – алтын, үшеуі – күміс, бесеуі – қола медаль. Атап айтқанда, 46 келі салмақта Дамир Байпақов, 52 келі салмақта Төрехан Сабырхан, 54 келі салмақта Адай Ниязбай, 57 келі салмақта Бақтияр Анарбаев алтын иеленді. 66 келі салмақта Ислам Советов¸ 81 келіде Мохаммед Атиа-Хамед, 81 келіден жоғары салмақта Ердос Шәріпбек күміс медаль алды. 48 келідегі Айдар Қадырханға, 50 келідегі Илья Калининге, 60 келідегі Мадияр Тайпақовқа, 70 келідегі Виктор Литвиновқа, 75 келідегі Дәулет Төлемісовке қола медаль бұйырды.