Ақ үй Байден мен Зеленскийдің кездесуі 1 қыркүйекте өтетінін растады
Ақ үй Байден мен Зеленскийдің кездесуі 1 қыркүйекте өтетінін растады
Фото: Reuters
230
оқылды
АҚШ президенті Джо Байден 1 қыркүйек, сәрсенбі күні Вашингтонда украиналық әріптесі Владимир Зеленскийді қабылдайды. Бұл туралы РИА Новости Ақ үйдің баспасөз қызметіне  сілтеме жасап хабарлады. "Президент жоғары мәртебелі Владимир Зеленскийді, Украина президентін Ақ үйде қабылдайды", – делінген Байденнің 1 қыркүйектегі жұмыс кестесінде. Ақ үй бұл сапарды Американың Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығына деген адалдығының, екі елдің энергетикалық қауіпсіздік саласындағы тығыз ынтымақтастығының және Зеленскийді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте және реформалар бағдарламасын жүзеге асырудағы қолдауының дәлелі деп атады. Зеленский мен Байденнің кездесуі америкалық азаматтарды Ауғанстаннан эвакуациялауға байланысты 31 тамыздан 1 қыркүйекке ауыстырылды, – деп хабарлады жексенбі күні кешке Украина Президенті Кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк. Оның айтуынша, кездесуде үш мәселені талқылау жоспарланған: саяси, экономикалық және қауіпсіздік мәселелері.