"Қыршын кеттің": Әнші Бүркіт Жамбылдағы жарылыс кезінде қаза тапқан сыныптасы туралы айтты
"Қыршын кеттің": Әнші Бүркіт Жамбылдағы жарылыс кезінде қаза тапқан сыныптасы туралы айтты
Фото: @berkut_aibekjan
Әнші Бүркіт (Айбек Сейітов) Жамбыл облысындағы қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан сыныптасы, полковник Мейіржан Айманов туралы жазды. Марқұмның артында бес баласы қалған. «Қайран досым! Кешегі Тараз маңында болған жарылыста қаза болған досым, Мейіржан! Жаның жәннатта болсын! Қайғырып отырмын, досым! Бес балаң қалды ғой, артыңда. Бес балаң! Не болды енді бұл! Не болды?! Отқа бірінші жүгіріп кеттің-ау! Жас кеттің-ау, досым! 5 күн бұрын сенімен телефонмен сөйлесіп едім, абай болшы деп… Досымның жақындарына, бала-шағасына көңіл айтамын! Жарылыстан кейін Мейіржанның денесін бүгін ғана, түстен кейін тауыпты. Тілсіз жаудың астында қалдың, бауырым! Айтар сөзім жоқ… Сен – қаһармансың! Сен – батырсың! Он жыл бір класта оқып, бірге ойнап, бірге өскен досым, қыршын кеттің! Артыңда қалған бес балаңа обал болды. Жаның жәннатта болсын!», – деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында. 26 тамызда Жамбыл облысы әскери қоймалардың бірінен өрт шығып, артынан бірнеше жойқын жарылыс болды. Жарылыс салдарынан 14 адам қаза тауып, жүзге жуық адам жараланды. Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Қайғылы оқиғаға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.