Павлодарда үй ауласында сәбиі бар әйелді көлік қағып кетті
Павлодарда үй ауласында сәбиі бар әйелді көлік қағып кетті
Фото: Zakon.kz
210
оқылды
Павлодарда төрт айлық сәбиді машина соғып кетті. Баламен бірге қарт әйел зардап шекті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Бұл туралы өңірлік Денсаулық сақтау басқармасында хабарлады.
- Төрт айлық қыз баланың миы шайқалып, жабық бас сүйек-ми зақымы келген. Бала облыстық ауруханаға жеткізілді, - делінеді хабарламада.
 width= Бірге зардап шеккен 75 жасар әйелдің кеуде қуысы, жамбас сүйегі зақымданып, оң тізесінің гематомасы тіркелді. Ол амбулаторлық жағдайда ем алуда.