Павлодарда төрт айлық сәбиді машина соғып кетті.
Баламен бірге қарт әйел зардап шекті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы өңірлік Денсаулық сақтау басқармасында хабарлады.
- Төрт айлық қыз баланың миы шайқалып, жабық бас сүйек-ми зақымы келген. Бала облыстық ауруханаға жеткізілді, - делінеді хабарламада.
Бірге зардап шеккен 75 жасар әйелдің кеуде қуысы, жамбас сүйегі зақымданып, оң тізесінің гематомасы тіркелді. Ол амбулаторлық жағдайда ем алуда.