Облыстық ТЖД-ның мәліметінше, биыл 29 тамызда «Сәтбаев су арнасы» ШЖҚ РМК филиалының №2 сорғы станциясында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Сорғы Екібастұз қаласынан 35 шақырым қашықтықта орналасқан.
30 тамызда өрт салдарынан бірнеше агрегат істен шыққан. Материалдық шығын көлемі – 270 млн. теңге. Сорғы станциясының басшысы В. Егердің айтуынша, жөндеу жұмысы шамамен 10 күнге созылады. Елдімекендерге қауіп төнбейді.«Оқиға орнына келген кезде төрт деңгейлі темір бетон сорғы ғимаратының 3 және 4-ші деңгейде сегіз ұяшықтан тұратын бақылау-тарату құрылғысы, ағаш есік, жалпы алаңы 150 шаршы метр ағаш қабырғалардың қаптамасы, 100 қума метр оқшаулау күштік кабельдің жануы анықталды», – деді департамент өкілі.
Қазіргі уақытта Екібастұз су қоймасында 17 млн. текше су, Екібастұз қаласының суды тұтынудың айлық нормасы – 1,7 млн. текше. Қарағанды облысына да төніп тұрған қауіп жоқ.