Дубайда өткен жастар мен жасөспірімдер арасындағы бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 47 медаль жеңіп алды: 19 алтын, 15 күміс және 15 қола, - деп хабарлады Қазақстан Бокс федерациясы.
Қайрат Сатжанов пен Елдос Сайдалин жаттықтыратын жасөспірімдер мен қыздардан құралған команда Азия чемпионатында бас-аяғы 22 медаль еншіледі: 11 алтын, 6 күміс, 5 қола.
Жалпыкомандалық есепте қазақстандық боксшылар бірінші орынға ие болды (19/15/15). Екінші орында – Өзбекстан (17/10/12), ал үшінші орында – Үндістан (14/14/11).
Қазақстандық Елнұр Сүйінбай техникалық тұрғыда турнирдің ең үздік боксшысы атанды. Оған арнайы сыйлық табысталды.